Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанатымыз қатая түсті": Гүлнұр Оразымбетова елдегі жағдайларға пікір білдірді

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова елімізде орын алған жағдайларға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұған дейін тек кинодан көрген оқиғалардың өз мемлекетінде де болатынына сенбеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова Қазақстандағы, әсіресе Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Instagram парақшасында жазба жариялады.

Эстрада жұлдызы мұндай жағдайдың енді қайталанбауын тіледі.

Жыл басы қатты басталғанымен, жалғасы тек жақсылыққа толы болсын деген ниет білдірген әнші өз елінің болашағына сенетінін айтты.

"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" деген тілеудің қадірін түсіндік. Жылдың басының қатты басталғаны тек жақсылықпен жалғасын тапсыншы. Ел басынан өткен жағдай енді қайталанбасыншы. Тек кинодан көріп, әлемдік ақпараттан ғана көз шалып қалған жағдай елде болады деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеді. Бұл да бір сынақ шығар…
Қанатымыз қатая түсті. Аман болайық. Ел іргесі тыныш, халқымыз ауызбірлікте болғай. Қазақстанымның болашағы жарқын. Талай асулар мен биіктерді бағындырамыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952652-qanatymyz-qataya-tusti-gulnur-orazymbetova-elde-oryn-algan-zagdaiga-pikir-bildirdi/

pixel