"Халықтың несібесін жеп жүр": Жазира Байырбекова еліміздегі байларға қатысты ащы шындықты айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жаңа жазбамен бөлісіп, онда байлар мен қарапайым халықтың арасындағы алшақтыққа қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова өз ой-толғауын Instagram парақшасында бөліскен.
"Ешқандай жұмыс істемей, халықтың несібесін жеп жүрген байлардан, қара жұмыс болса да, өз маңдай терімен тауып, күнін көріп отырғандар әлдеқайда бақытты. Не үшін деп ойлайсыздар? Алла тағалам ешкімге күнімізді қаратпасын, өзінен басқа ешкімге қол жайдырмасын", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің сөздеріне қосылып, адал еңбек ету керек екенін алға тартты.
"Адал еңбектің наны тәтті берекелі болады және жеп байыған, біреуге жағады, біреуге жақпайды. Өз басым маған ондай жақпайды", "Толық келісемін", "Өте дұрыс айттыңыз", - деп жазуда оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952784-xalyqtyn-nesibesin-zep-zur-zazira-baiyrbekova-zelide-azuly-zazba-zariyalady/