Динара Сәтжан 15 жыл бұрынғы суретін жариялап, елді таңғалдырды

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде 15 жыл бұрын қандай болғанын көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Ақпарат өкілі жастық шағын еске алып, телеарнадағы жұмысының қызықтарымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан бұрында әріптесі Тимур Асылхановпен түскен суретін 15 жылдан кейін қайталады. Тележүргізуші жастық шақ пен қазіргі кезден фотоларды жариялап, оларды өзара салыстырып өткен.

"Бірінші фото 2007 жылы жасалса, екіншісін бүгін түсірдік. Суреттердің арасы 15 жыл мен артық 20 келі (әрине, менің артық салмағым). Оған қоса, үлкен кәсіби тәжірибе де бар. Тимурмен қайта бірге жұмыс істеп жастқанымызға аса қуанышмын.
Менің үйімде, жұмыс орнымда, мониторымда үнемі "Мен Астананы сүйемін. Мен бұл қаланы бағындырамын" деп жазылып тұратын. Тимур соған қатты таңғалатын. Бұл менің сол кездегі ұраным еді. Оған қоса, 2008 жылы әндер жаза бастағанымда Тимур ашуланатын еді. Мұны не үшін істеп жүрсің? Ақшаңды неге музыкаға жұмсап жатырсың? дейтін. Мен бұл ақшаны өзіме, өзімнің дамуыма құйып жатқанымды айттым", - деді ақпарат өкілі Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары өнер иесінің жас кезіндегі фотосын қызу талқылап тастады. Олар тележүргізушінің қазір одан да жас көрінетінін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952826-dinara-satzan-15-zyl-buryngy-suretin-zariyalap-eldi-tangaldyrdy/