Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет жұп": Бірге ән салған Ерке Есмахан мен Әміре желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Әміре
Фото: Instagram/amre_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Ерке Есмахан мен Әміре бірге дуэт болып, су жаңа әндерін халыққа ұсынды. Махаббат жайлы әсерлі өлең тыңдармандардың ыстық ықыласын бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан мен Әміренің бірге шырқаған әні Youtube желісінде жарияланып, аздаған уақыт ішінде 2 миллионнан астам қаралым жинады.

Қос әншінің туындысы қалың көпшіліктің көңілінен бірен шығып, сансыз пікірлерге ие болған. Әртістердің әнді аса әсерлі орындағаны соншалық, кейбір желі қолданушылары тіпті жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжады.

"Керемет туынды", "Нағыз махаббат жыры", "Өте әсерлі ән екен", "Қалай орындап шықтыңыздар. Тіпті араларыңызда шынымен сезім бар ма деп қалдым", "Керемет ән, жарасымды жұп", "Екеуі соңғы кезде көп жерде бірге жүр. Кездесіп жүрген жоқ па осы?", "Мұндай ән көптен бері шықпай кетіп еді. Нағыз хит", "Дауыстарың сондай үйлесімді, құлаққа жағымды. Тыңдай бергің келеді", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952896-keremet-zup-birge-an-salgan-erke-esmaxan-men-amire-zelini-zardy-video/

pixel