"Бір жақсылықты күтудеміз": Мадина Сәдуақасова желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова елімізде орын алған жағдайлардан соң желіде жаңа жазбасын бөлісіп, өзінің тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бүгінде мемлекет жүйесінде болып жатқан өзгерістерден жақсылық күтетінін айтты.

Ол елімізде енді атыс-соғыс болмай, бейбіт күндер жалғаса берсе деген тілек білдірді.

"Өзгерістер, ауысулар, жаңа үкімдер, жаңа заңдар, бір кісілер кетіп, басқасы келіп жатыр. Біз, әйтеуір, түк түсінбесек те, жақсыға жорып, бір жақсылықты күтудеміз. Ең бастысы, елде тыныштық болсыншы, атыс, жарыс, өрт, қан, ұрып соғу дегенді көрмейікші. Алла енді, сақтасыншы содан. Берекемізден айырмасын", - деп жазды Сәдуақасова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің тілегіне қосылып, оны қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952989-bir-zaqsylyqty-kutudemiz-madina-saduaqasova-zelide-aserli-zazba-zariyalady/