Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көпбалалы ана болдым": Салтанат Бақаева төртінші ұлын дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева сәбиімен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығын жұлдызды ананың өзі Instagram парақшасында бөлісті. Бақаева енді ресми түрде көпбалалы ана атанғанын жеткізді.

Оған қоса, өнер иесі перзентханадан сәбиімен түскен алғашқы суретін жүктеді.

"Құрбым Мақпалдың кеңесімен толғақ басталысымен "Бакара" сүресін қосып қойған едім. Аллаға сансыз шүкір, көмегі тиді. Алланың қалауымен бәрі жақсы өтті. Мені енді көпбалалы ана десеңіздер болады", - деп жазды әртіс.

Айта кетерлігі, бұл ерлі-зайыптының төртінші перзенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953011-kopbalaly-ana-boldym-saltanat-baqaeva-tortinsi-ulyn-bosandy-foto/

pixel