Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баладан айырылу оңай емес": Ердос Қанаев өзімен тағдырлас ата-аналарға қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Ердос Қанаев
Фото: Instagram/ erdoskanaev

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев желіде жантебірентерлік жазба жариялап, өзімен тағдырлас ата-аналарға жұбату айтты. Өнер иесі туған баласынан айырылу кімге болса да өте қиын екенін жеткізіп, оларға қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөлісті.

Әнші марқұм баласына деген сағынышын жеткізгенде өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын айтып, өзімен тағдырлас жандарға үндеу жолдады.

"Бұл хатты оқып отырып: "Ерекең тағы да аза тұтып отыр ма" - деп ойламаңыздар. Айтайын дегенім тек алғыс. Өткенде: "Абдурахим ұлымның өмірден өткеніне де 2 жыл болыпты"- деген сағынышқа толы пост шығардым. Содан бері жаныма жалау болар жылы жұбату сөздерін әлі де айтып жатқан бауырларыма алғыс айтамын.

Сіздердің жұбанышқа толы дұғаларыңызды оқып, менімен тағдырлас ата-аналар көп екенін білдім. Сол жандарға мен де жұбату айтайын деген едім.

Құрметті менімен тағдырлас ата-ана! Жанымыз, мал-дүниеміз, отбасымыз Алланың берген нығметі мен аманаты. Оны уақытша пайдаланамыз. Уақыты келгенде, Алла оны алады екен. Алла бізге бергенде шүкір, алғанда сабыр етуге бұйырды. Егер қайғының сауабын білсек, қайғымыздың аз екенін білер едік.
Баладан айырылу оңай емес. Жүрек елжірейді, көз жылайды. Бірақ, Алланың ашуын келтіретін сөзді айтпаймыз. Тағдырлас ата-ана! Біздің басымызға келген қайғы - бұл Алланың рақымы екен. Сол балапандарымыз қияметте қолымыздан ұстап, Жәннатқа кіруімізге себепші болсын", - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953026-baladan-aiyrylu-onai-emes-erdos-qanaev-ozimen-tagdyrlas-ata-analarga-qoldau-bildirdi/