"Балаларымыз қандай болады": Екінші рет тұрмыс құрған Жанель Мақажан аяғы ауыр екенін растады

Опубликовано:

Жанель Мақажан күйеуімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Өткен жылы екінші мәрте тұрмысқа шыққан отандық актриса Жанель Мақажан аяғы ауыр екенін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында бөліскен.

Ол жолдасы екеуінің секіріп жүрген видеосын жариялап, оның анықтамасына жақында балалы болатындарын хабарлады.

Бұл Жанель Мақажан мен Абай Асылханұлының алғашқы ортақ баласы болмақ.

"Маған осы қызық. Ата-анасы осындай екенін ескерсек, балаларымыз қандай болады екен? Негізі, екіқабат кезде осылай секіруге бола ма?", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұл Жанель Мақажанның екінші некесі болды. Әртістің таңдауы өзінен 8 жас кіші актер Абай Асылханұлына түскен. Қос ғашық өткен жылы мешітте некелерін қидырып, ерлі-зайыпты атанды.

Актрисаның бірінші некеде туған бір ұл, бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953061-balalarymyz-qandai-bolar-eken-ekinsi-marte-turmysqa-syqqan-zanel-maqazan-ayagy-auyr-ekenin-rastady/