Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Діннің мақсаты - интимді үгіттеу емес": Айгүл Елшібаева хиджабтағы сексологтарды қатаң сынға алды

Опубликовано:

Айгүл Елшібаева
Фото: Instagram/aigulyelshibayeva01

Отандық дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желілер арқылы интимдік қатынас туралы тренинг жүргізіп жүрген хиджабтағы әйелдерді сынға алды. Өнер иесінің сөзінше, олар діннің атын жамылып, жат нәрсені насихаттап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Елшібаева бұл жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші аталмыш тақырыптағы тренингті жасаумен айналысатындар діннің мақсатын шатастырып жүр деп санайды.

Өнер иесінің сөзінше, мұндай сексолог мамандар нәпсіқұмарлық пен жезөкшелікті насихаттауда. Елшібаева "олар бұл әрекетімен хиджабты қор қылып жүр", деген ойын ашық айтты.

"Қазіргі "супер бомба", ақылы тренингтерді жасаушы хиджабтағы әйелдердің сабақтарының арасында сексолог, интим тренер сабақ өткізеді... Ондай дипломды қай университеттен алып, оқып бітірдіңдер?

Ілім рухани, нәпсіни болып екіге бөлінетін еді. Діннің мақсаты нәпсіңді тиып, нәпсімен күресу, иманға келу. Түрлі жезөкшенің интимдік қатынасын үгіттеу емес еді ғой. Дін - рухани кемелдену, ғылыми даму, мәдениет, өркениет, көркем мінез деп оқып едік.

Қазақтың тарихында қай әйел, қай әжең жалпақ елге әйел мен еркектің арасындағы интимдік қатынасты үйреткен?", - деген ол мұндай мәселелер қазақта еш уақытта ашық талқыланбағанын алға тартты.

"Дін- рухани ілімді үйретеді, діннің мақсаты- нәпсінің жетегіндегі нәпсіқұмарларды көбейту емес қой, жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма? ", - деп ашуланды әнші.

Елшібаева аталған мамандарға "нәпсінің жетегінде кетпей, естерін жинауға" кеңес берді.

"Нәпсіге құл болмаған, нәпсімен күрескен, иман сауыты берік, рухани кемел адамдардың арқасында қазақтан әулие-әнбиелер көп шыққан екен. Қу нәпсінің жетегіне кетпей, естеріңді жиыңдар! Көргенсіздікті доғарыңдар!", - деп талап етті әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953082-dinnin-maqsaty-intimdi-ugitteu-emes-aigul-elsibaeva-xidzabtagy-seksologtardy-qatan-synga-aldy/

pixel