Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза жүрдім, көп сөйлемедім": Тамара Асар сәби сүю үшін қандай амалдар жасағанын айтты

Опубликовано:

Тамара Асар қызымен
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар тұңғышынан кейін 20 жылдан соң қызды болу үшін не істегенін айтты. Өнер иесінің айтуынша, ол құдайға сыйынып, ата-бабаларына құран бағыштаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, сәби сүю үшін қандай амалдар жасағанын айтып берді. Әнші барынша таза жүріп, көп сөйлемегенін жеткізді.

"Әуелі Аллаға сыйындым, әлемдегі тылсым күштердің бәрінен рұқсат сұрағандай, Әулие Бекет атаға, өз ата-бабаларыма, жолдасымның ата-баба, әке-анасына құран бағыштадым.
Біз пендеміз, есту көру арқылы иланамыз. Ол анамның батасы болды. Таза жүрдім, көп сөйлемедім. Денсаулығыма аса мән бердім. Әрине дәрумендер қабылдадым. Сөйтіп топырақтың арасынан бидай тары іздеп тергендей бақыт тердім", - деп жазды Тамара Асар Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Тамара Асар алғаш рет жолдаымен қалай танысқанын айтып, оған қатысты бірқатар мәліметтерді жария еткен еді.

Сонымен қатар, ол күйеуі мен тұңғышы Қамбардың өзара арақатынасына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесінің сөзінше, олардың арасында құпиялар өте көп екен.

Тамара Асардың Stories-і
Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953103-taza-zurdim-kop-soilemedim-tamara-asar-sabi-suyu-usin-qandai-amaldarga-barganyn-aitty/

pixel