Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкендер бізге жол берді": Ұлды болған Бақаева баласына есім қоя алмай, оқырмандарына жүгінді

Опубликовано:

Салтанат Бақаева жолдасымен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Күні кеше ғана төртінші сәбиін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева жанкүйерлерінен көмек сұрады. Ата-енесінің рұқсатын алған өнер иесі перзентіне қандай есім қоярын білмей әлек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева бұл маңызды істе желідегі оқырмандарының кеңесіне жүгінуді шешкен. Ол қалың көпшіліктен ұл балалардың әдемі есімдерін ұсынуды сұрады.

"Мына екі кісі баласының атын әлі қойған жоқ. Бұл жолы үлкендер бізге жол берді. Қандай күшті аттар білесіздер, жаза отырыңыздаршы. Әйтпесе, рұқсат алып алып, кім деп қоятынымызды білмей отырмыз", - деп жазды әнші.

Желідегілер Бақаеваға бірден көмекке шығып, түрлі есімдерді жарыса жазды. Олардың басым көпшілігі "Әміре", "Айтөре", "Омар", "Осман" секілді аттарды ұсынды.

Алайда, ерлі-зайыпты қандай есімге тоқталғанын әзірге айтқан жоқ.

Еске сала кетейік, Салтанат Бақаеваның ұлды болғаны туралы кеше 26 қаңтарда белгілі болды. Өнер иесі төртінші сәбиін дүниеге әкелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953211-ulkender-bizge-zol-berdi-uldy-bolgan-baqaeva-balasyna-at-qoya-almai-oqyrmandaryna-zugindi/

pixel