Әміре Ерке Есмаханмен қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Әміре
Фото: Instagram/amre_official

Отандық танымал әнші Әміре өзінің өнердегі әріптесі Ерке Есмаханмен араларында не бар екенін ашық айтты. Желідегілер әсерлі дуэттен кейін қос жұлдыздың кездесіп жүргенін болжап, оларды қызу талқылаған еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әміре ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берді. Ол Ерке екеуінің арақатынасы туралы сауал жолдаған оқырманына жауап беріп:

"Арамызда ән бар" , - деп қысқа қайырды.

Көпшілік екі әртісті дуэттерінен кейін бір-біріне қоса бастаған. Желі қолданушылары әншілердің арасында сезім бар екенін болжап, оларды сұрақтың астына алған болатын.

Әміренің Stories-i
Скриншот: Instagram/amre_official

Алайда, Әміре бұл болжамдарды жоққа шығарғандай болды. Ол жеке өміріне қатысты бар шындықты ақтарып тастады.

"Бойдақпын. Белсенді іздеу үстінде емеспін", - деп жазды ол.
Әміренің Stories-i
Скриншот: Instagram/amre_official

Ал Ерке Есмахан болса, өзінің бір жанға еркелеп жүргенін айтып, елді ойландырып қойды. Алайда ғашығының бар-жоғы туралы әлі нақты ақпарат бере қойған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953243-amire-ozin-erke-esmaxanmen-ne-bailanystyratynyn-asyq-aitty/