Айгүл Иманбаева ұлды болған Сәбит Әбдіхалықовты құттықтады
Опубликовано:
Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықовты тағы да ұлды болуымен құттықтады. Өнер иесі ерлі-зайыпты мен сәбиге деген ақ тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында бұрынғы күйеуінің отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, елден сүйінші сұраған.
Эстрада жұлдызы ерлі-зайыптымен қатар, өз ұлын да құттықтаған.
"Бауырыңның бауы берік болсын балам", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, кеше 27 қаңтарда Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллина оған тағы бір ұл бала сыйлады. Қуанышты жаңалықпен актрисаның өзі желіде хабарлаған болатын.
Бұл Әбдіхалықовтың үшінші некеде туған екінші баласы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953404-aigul-imanbaeva-uldy-bolgan-sabit-abdixalyqovty-quttyqtady/