Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Елдос "Колобок" өз туған күнінде жан досына көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Елдос "Колобок" досымен
Видеодан кадр: Instagram/eldos_kalabok

Отандық танымал блогер әрі асаба Елдос "Колобок" барша жақындарын жинап, 30 жасын дүркіретіп атап өтті. Желі жұлдызы өз туған күнінде сыйлықтарды қабылдап қана қоймай, өзгелерді де қуантып үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдос "Колобок" өзінің 30 жас тойында жан досына көлік тарту еткен. Әсерлі сәттің видеосы блогердің Instagram парақшасында пайда болды.

Желі жұлдызы той барысында микрофонды алып, ешкім күтпеген тосын сый жасаған. Ол досын қасына шақырып алып, оған деген өз алғысын білдірді. Артынан оған су жаңа көліктің кілтін табыстады.

Мұндай бағалы сыйлықты күтпеген досы көз жасын тыя алмай, Елдосты құшақтап алды.

Желі қолданушылары да әсерлі сәтке тәнті болып, блогедің асқан жомарттығын атап өтті.

"Дос деген осындай болу керек", "Жарайсың, Елдос. Кезінде көмектесіп қасында болған досына деген алғысы бұл", "Досын қалай жақсы көретіні көрініп тұр", "Мәселе ақшада, мансапта да емес. Достық қолдаумен өлшенеді", "Қандай керемет көрініс. Тура риза болып отырмын сізге", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953456-bloger-eldos-kolobok-oz-tugan-kuninde-zan-dosyna-kolik-syilady-video/

pixel