Танымал ресейлік актер өмірден өтті

Опубликовано:

Леонид Куравлев
Леонид Куравлев "Афоня" фильмінде. Фото: rosbalt.ru

Танымал ресейлік актер Леонид Куравлев 85 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымға актердің қайтыс болғанын ұлы Василий Куравлев растаған.

Айта кетейік, актер тыныс алуы қиындап әрі жоғары температурамен 6 қаңтар күні ауруханаға түскен еді.

Ұлының сөзінше, әкесінен коронавирус анықталмаған. Дәрігерлер пневмония және дисфагия (жұтынудың қиындауы) деген диагноз қойған.

Кейін ақ халаттылар Куравлевтің асқазанына шұғыл түрде ота жасаған. Ал 17 қаңтарда оның жағдайы күрт нашарлап кеткені жайлы хабар тарады.

Леонид Куравлев соңғы күндерін Мәскеудегі Вера Миллионщикова атындағы хосписте өткізген.

Ол қалың көрерменге "Афоня", "Иван Васильевич меняет профессию", "Живет такой парень", "Вий", "Золотой теленок" және тағы басқа фильмдер арқылы танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953705-tanymal-reseilik-akter-omirden-otti/