Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкентайы он жаста": Бейбіт Сейдуалиева анасының жылынан соң әкесіне жар таңдап бергенін айтты

Опубликовано:

Бейбіт Сейдуалиева
Бейбіт Сейдуалиева. Кадр: YouTube/Менің өмірім

Отандық әнші Бейбіт Сейдуалиева отбасына қатысты бірқатар жайттың басын ашты. Әнші анасы өмірден өткеннен соң әкесіне жар таңдап бергенін баяндады. Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында әнші өзінің отбасы, балалық шағы мен жеке өмірі туралы әңгімеледі. Бұл ретте ол бала кезінде анасының өзіне деген ыстық ықыласын, берген тәрбиесін еске алды. Айтуынша, кез келген қиындықты еңсеріп, ішкі сырыңды дан адамға білдірмеуді ол анасынан үйренген.

"Анамның жатқан жері жайлы болсын, мен ол кісінің тәрбиесін алдым. Әр сөзі құлағымда. Оның ғұмырлық тәрбиесі мен амалдары санамда. Тазалыққа, еңбекке баулыды. Қиындықты жеңіп шығу секілді мәселелердің барлығын сол кісіден үйрендік. Сахнада бетіміз жылтырап күліп тұрғанымен, ар жағымызда неше түрлі жағдайларды бастан өткеріп жатамыз. Соның бәріне мойымай, күресудің бәрін анам үйретті. Позитивті бол деп айтатын. Ерте кетіп қалатынын сезгендей, бізге барлығын айтып кетіпті. Бірдеңеге асыққандай, барлық нәрсе туралы өзінің айтарын айтып кетті", - деп бөлісті әнші.

Бұдан бөлек, ол әйелінен ерте айырылған әкесінің тағдыры туралы да сөз етті. Әншінің сөзінше, анасының жылдық асын берген соң, балалары жиналып, әкесіне жар таңдап беріпті.

"Әкем жасында 54 жалғыз қалды. Ер азамат болғаннан соң қиын. Менің қолыма келіп тұрмайды. Бала-шағам бар. Келіні бар, ұлы бар. Бірақ қасында шүйіркелесіп отыратын адам керек. Кәрі кісі емес 80-90-ға келген. Әлі өмірінің жартысы бар деген шағында қалды. Сондықтан анамның жылын бергеннен кейін қыздар, ұлдар барлығымыз ақылдасып, жалғыз отырмаңыз деп рұқсатымызды беріп, әкемізге сондай ұсыныс тастадық. Сол жылы үйленді. Кішкентайлы болды, екінші інім бар. Қазір он жастан асты. Үлкен әпкем Астанада тұрады, үбірлі-шүбірлі. Екінші әпкем осында тұрады. Есімдері - Айгүл және Жангүл. Олардан соң мен және інім бар. Барлығында өзінің отбасы бар.

Құдайға шүкір, жеңшеміз жақсы кісі. Екеуі тату-тәтті. Кішкентайлары бар. Әкемнен аумайды. Өмір ғой. Бір Алланың маңдайына жазғаны шығар. Маңдайға нені жазды, соны көресің, одан ешқайда қашып құтыла алмайсың", - деп баяндады әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953722-kiskentaiy-on-zasta-beibit-seidualieva-anasynyn-zylynan-son-akesine-zar-tandap-bergenin-aitty/

pixel