Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нью-Йоркте "АҚШ аруы-2019" атанған бойжеткен зәулім ғимараттың терезесінен секіріп кетті

Опубликовано:

Чесли Крист
Чесли Крист. Фото: instagram.com/chesliekryst

"АҚШ аруы-2019" байқауының жеңімпазы Чесли Крист Нью-Йоркте өлі күйінде табылды, деп хабарлайды New York Post.

Басылымның полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Кристтің денесі 30 қаңтар күні таңертең 60 қабатты ғимараттың маңынан табылған.

АҚШ аруы осы ғимараттың тоғызыншы қабатында тұрған. Оны соңғы рет 29 қабатта көргендер бар.

Бойжеткен өлер алдында хат жазып, бәрін анасына қалдыратынын айтқан.

Басылымның дерегінше, 30 жастағы Чесли Крист зәулім ғимараттың терезесінен секіріп кеткен. Дегенмен қоштасу хатында оның мұндай қадамға не себепті барғаны жазылмаған.

"Біздің сүйікті Чеслидің қайтыс болғаны туралы сіздерге хабарлап, қатты құлазып, қайғырып отырмыз", - делінген оның отбасының мәлімдемесінде.

Чесли Крист өлер алдында өзінің Instagram парақшасында "Бұл күн сіздерге тыныштық әкелсін" деп те жазба қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953756-nyu-iorkte-aqs-aruy-2019-atangan-boizetken-zaulim-gimarattyn-terezesinen-sekirip-ketti/

pixel