Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсының рөлін ойнап жүргендер көп": Қайрат Нұртастың жазбасы елге ой салды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас желіде әсерлі өлең жолдарын бөлісіп, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Өнер иесі жақсы адамның рөлін ойнап жүргендер туралы сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өлең жолдарын Instagram парақшасында жариялаған.

"Өткен, кеткен, келерді сезіп жүріп, Өзгеге айта алмаймын өзім біліп. Жақсының рөлін ойнап жүргендер көп, Көргенін жасырып тұр көзілдірік ", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден өнер иесін сұрақтың астына алып, оның бұл өлеңді кімге арнағанын білмек болды.

"Көргенін жасырса да көзілдірік, өзгелерің айтып жүрсін өзі біліп! Жаманның рөлін сомдап ойнағанмен, бойыңда тұр ғой сенің бір жүзділік", "Кімге арнаған екен бұл өлең жолдарын?", "Кім жайлы болды екен?", "Қайрат сені көре алмайтындар сенің дәрежеңе жетіп алсын алдымен", "Кімге арнаған екен бұл өлең жолдарын?", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953956-zaqsynyn-rolin-oinap-zurgender-kop-qairat-nurtas-aserli-olenmen-bolisti/

pixel