Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбетке сөз салған Шерхан Пірназар алғаш рет отбасы туралы айтты

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет пен Шерхан Пірназаров
Фото: Instagram/sherhanpirnazar

Ақбота Сейітмағамбетке тікелей эфирде сөз салып, желіні шулатқан Шерхан Пірназар алғаш рет өз жанұясы туралы айтты. Актер өзінің әйелі мен екі баласы бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шерхан Пірназар жеке өміріне қатысты бар шындықты "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Актер отбасылы екенін растады. Бүгінде оның екі баласы бар.

Өнер иесі келіншегіне қатысты бірқатар мәліметтерді де бөлісті. Белгілі болғандай, Шерханның жары да өнер саласында қызмет етеді.

"Жұбайым оңтүстіктің тумасы, Алматыда туып-өскен. Мамандығы - актриса, эстрада және цирк колледжін, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" университетін бітірген. Қазір кино саласында. Алуа Қонарова апайымыздың көмекшісі, "Ринго" тобының әкімшісі болып жүрді. Қазіргі кезде декреттік демалыста, үйде отыр", - деді Шерхан Пірназар.

Айта кетейік, бұған дейін Шерхан Пірназар тікелей эфир кезінде Ақбота Сейітмағамбетке сөз салып, елді шулатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954041-aqbota-seiitmagambetke-soz-salgan-serxan-pirnazar-algas-ret-otbasy-turaly-aitty/

pixel