Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Рианна алғаш рет ана атанбақ (фото)

Опубликовано:

Раким Майерс пен Рианна
Фото: Instagram/rihannaofficlal

Әлемнің ең бай жұлдыздарының бірі Рианна тұңғышын күтуде. 33 жастағы әнші мен оның сүйіктісі Раким Майерс алғаш рет ата-ана атанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рианнаның аяғы ауыр екені туралы фотограф Майлз Диггстің арқасында белгілі болды. Ол Нью-Йоркте серуендеп жүрген қос ғашықты суретке түсіріп алған.

Рианна қызғылт түсті ұзын күртеше киіп, қалың көпшілікке өзінің ішін көрсеткен. Суреттерден Раким мен Рианнаның аса бақытты екенін бірден көруге болады. Рэп орындаушы ел алдында ғашығының маңдайынан сүйіп алған.

Бұған дейін бірқатар шетелдік басылым Рианнаның аяғы ауыр екенін болжап жазған болатын. Өткен жылы бір мерекелік шараға келгенде әншіні көпшілік жүкті деп ойлап қалды. Өнер иесі денесіне жабысып тұратын киім киіп барған. Бастапқыда оның аяғы ауыр деп топшылаған көпшілік кейіннен Рианна салмақ қосып алды деп есептеді.

Рианна мен Раким 2020 жылы кездесе бастады. Алайда, рэпер сүйіктісімен қосылмай тұрып та өз сұхбаттарында Рианнаға деген махаббатын жасырмай айтып жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954049-aigili-rianna-algas-ret-ana-atanbaq-foto/

pixel