Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіңмен танысқанда 24-те едің": Сәдуақасова күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова жолдасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова жолдасын туған күнімен құттықтап, желіде оған деген сезімін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі күйеуіне арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол отағасының алға қойған барлық мақсаттарына жетіп жатқанын айтып, оған қолдауын білдірді.

"Туған күніңмен, отағасы! Өзіңмен танысқанда 24-те еді жасың. Сол кездегі армандарыңның барлығына қол жеткіздің. Үйді де салдың, сол кезде өзің айтқандай, өзіңе үйленіп, ұлан-асыр той жасаймын дегенің де болды. Ертең 8 жылдығымыз. Ұлымыз өсіп жатыр. Ата-анамыз, бауырларың жаныңда, жұмысыңда да абыройлысың. Осылай армандарыңа жете бер, біз Әнуар екеуміз үнемі қасыңдамыз! Менің өмірде де, өнерде де қолдаушым, ақылшым өзің ғанасың, оны білесің. Аман бол, ауырма, күлімдеп жүр. Жаңа жасыңмен! Комментарийде жауап бермесең де, жүрек бассаң, оқығаныңды білемін. Күйеуім 36 жасқа толды”, – деп жазды Сәдуақасова. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954142-biz-ardaiym-qasyndamyz-saduaqasova-kuieuin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel