Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теннисші болар едім": Жұлдыз Әбдікәрімова арманы туралы айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өзіне қатысты тың мәліметті бөлісті. Өнер иесі спортқа деген ықыласы зор екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне қатысты қызықты мәліметті Instagram парақшасында жария етті.

"Егер мен актриса болмағанымда, теннисші болар едім", - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.

Оған қоса, өнер иесі теннисші образындағы суреттерімен бөлісіп, елді тәнті етті. Желідегілердің басым көпшілігі актрисаның дене бітімі кәсіби спортшы болуға әбден келетінін айтты.

"Қандай жарасымды. Сізге спортшы болу керек еді, денеңіз шымыр екені көрініп тұр", "Жұлдыз ешқашан да кеш емес. Теннисті меңгеріп көрмедіңіз ба?", "Мына форма сізге күшті жарасады екен", "Актрисасыз, көпбалалы анасыз. Өзіңізді мұндай формада ұстап қалу көптің қолынан келмейді. Нағыз үлгі алар жансыз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954564-tennissi-bolar-edim-zuldyz-abdikarimova-armany-turaly-aitty/

pixel