Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балапандарымның артынан бауырлары еретін болды": Ақбота Сейітмағамбет желіде тараған қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде гендер-патидегі шармен түскен суретін жариялап, елдің талқысына түсті. Қалың көпшілік өнер иесінің шынымен де үшінші сәбиін күтіп жүргенін болжады. Бұл ақпаратқа қатысты әртістің өзі де пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарын қызықтырған сауалдарға жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы желіде өзі жайлы тарап кеткен қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

Қалың көпшілік әншінің гендер-патидегі шарды ұстап тұрғанына көріп, оның аяғы ауыр екенін жарыса жазды.

"Әйтеуір екі балапанымның артынан бауырлары еретін болды. Арасын ұзартпай бұл да жөн болды, жаңалық жетеді", -деп жазды актриса бастапқыда.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Алайда, кейін қалжыңдағанын айтып, сөздерін жоққа шығарды.

"Қалжың ғой, көзбен көргеннің бәрі сіз ойлағандай емес. Соны ескеріп жүріңіз. Қысқасы, көзбен көргеннің бәріне сене бермеңіз. Студиямызға қонақ ретінде аяғы ауыр кісі келген ғой. Соның құрметіне жасалған іс-шара еді", - деп ақталды ол.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954598-balapandarymnyn-artynan-bauyrlary-eretin-boldy-aqbota-seiitmagambettin-zelide-taragan-qauesetterge-zauap-berdi/

pixel