Айқын Төлепберген отбасымен бірге АҚШ-қа аттанды (фото)
Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген жанұясымен бірге Америка құрама штаттарына аттанды. Эстрада жұлдызы АҚШ-тың үш қаласында қазақстандықтарға арнайы концерт бермек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын Төлепбергеннің Америкаға аттанғаны оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Танымал әнші шетелдік гастрольдік сапарына жалғыз өзі емес, бала-шағасын да алып бара жатыр.
Келіншегі Жұлдыз Өмірғали және балаларымен ұшақта отырған фотосын жариялаған Айқын шетелге ұшып бара жатқанын жеткізді.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға АҚШ-қа аман-есен жетіп, мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізуді тіледі.
Айта кетейік, Америка құрама штаттарында концерт беретінін Айқын Төлепбергеннің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954862-aiqyn-tolepbergen-otbasymen-birge-aqs-qa-attandy-foto/