Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Микрофонмен бірге құладым": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қызықты оқиғаны айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қызықты жағдай туралы айтып, елді күлдірді. Ақпарат өкілі сұхбат алу кінде аса ыңғайсыз жағдайға тап болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат барысында орын алған оқиға туралы Instagram парақшасында айтып берді. Қайрат Әділгерейдің тойда құлап қалған видеосын көргеннен кейін тележүргізушінің есіне өз басынан өткен ұқсас жағдай түскен.

"Микрофонмен бірге құлап. 20 жыл бұрын-ау деймін, түсірілімге сымы ұзын микрофонмен барамыз. Сосын сұхбат алатын жер іздейміз. Жарықтау жер тапсақ, қуанып тұра қаламыз. Сұхбат берушілер де еркелемейді, қалай тұрғызасың солай қатып тұрады. Тек арасында микрофонның сымы аяғыңа оратылып, мазаңды алғаны болмаса.
Содан бір күні концертке сюжет жасауға бардық. Сахна сырты қараңғы, зорға дегенде жарықтау жер тауып, камера, микрофон қосып тұра қалдық. Жүгіріп бара жатқан бір жігіт байқамай аяғына сымды іліп алмасы бар ма. Микрофон қолымнан шығып барады, сонда да жібермеймін. Сынып қалмасын дедім ба білмеймін, жалпамнан құлағанда барып есімді жидым. Ұялмай, үстімді қағып-қағып, кешіріңіз деп сұхбатымды жалғастырдым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954863-mikrofonmen-birge-qulap-laila-sultanqyzy-basynan-otken-qyzyqty-oqigany-aitty/

pixel