Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 шақты адам жұмыс істейді": Байырбекова өз командасына алғыс білдірді

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова бүгінгі күні өзінің айналасында қанша адам жұмыс істейтінін айтты. Өнер иесінің қызметкерлеріне бауыр басып кеткені соншалық, оларды өзінің туғанындай көреді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова өзіне әркез көмектесіп жүретін жандарға алғысын білдірді. Әнші Instagram парақшасында өз командасына арнайы жазба арнаған.

Ол қызметкерлерінің қателігін байқаса да, олардың жақсы қасиеттерін жоғары қоятынын айтты.

"Айналамызда жұмыс істейтін 30 шақты адам бар. Әрқайсысының көңілі мен үшін қымбат. Адамға бауыр басып,басқа адамға ауыстырғым келмейтін әдетім бар. Ол жаман ба, жақсы ма білмеймін. Бір қызметкерімнің қателігін көрсем оның жақсы жақтарын ойлап қимай тұрам. Сондықтан да біздің айналамыздағы қызметкерлер ұзақ жүреді. Аллаға шүкір, осы күнге дейін ұрсысып, ренжісіп кеткен ешкім жоқ. Бәрін жақсы көріп,бізбен бірге болғаны үшін қуанып тұрамын", - деп жазды Байырбекова.

Мені бақытты ететіндердің бірі- адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954883-ainalamda-30-saqty-adam-zumys-isteidi-baiyrbekova-oz-komandasyna-algysyn-bildirdi/

pixel