Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хас сұлудың өзі": Гүлзира Айдарбекова жас кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде мұрағаттағы суреттерін бөлісіп, жас кезінде қандай болғанын көрсетті. Қалың көпшілік оның табиғи сұлулығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова аталмыш фотоларын Instagram парақшасында жариялады. Онда Қайрат Нұртастың да кішкентай кезінде қандай болғанын көруге болады.

"Ескі суреттерді оқта-текте қарап қоясыздар ма? Осы суреттерді титтей сандықшаға бөлек салып қойыппын. Не деген зымырап жатқан уақыт десеңізші. Әрбір күнің тарих демекші, бір күніміз түгілі, бір сағатымыз қайта келмейді, әр күніміз өзінше ерекше.
Кейде жолдасым сұрап қояды, "сол күндер қайта келсе маған тиер ме едің" деп. Мен Нүрекең қайтер екен деп "жоқ та" деп қоямын. Сөйтсем, "онда сен Қайратты тумайтын едің ғой" дейді", - деп жазды ол.

Оған қоса, продюсер жолдасына деген сезімін білдіріп, барша оқырмандарына сүйіктісімен бір жастықта қартаюды тіледі.

"Мен де қалыспай, сен ше уақытты қайта артқа айналдырса, кімге үйленер едің десем, ойланбастан сені алушы едім дейді. Алла мені сенен сәл бұрын алсын, кейінге қалып қор болмайын деп ер азамат болғасын, қарт шағын да ойлап қояды, ешкімге күнімді салмасын деп.
Адам жасы келген сайын бір-біріне бауыр басып, оның үстіне балалар ортақ, уайым мен қуанышың, ақылдасатын тіршілік пен тірліктерің, ағайын мен достарың бәрі ортақ болған соң, ерлі-зайыптының өмірі де ортақ болып кетеді екен ғой.
Бес күн жалғанда ит пен мысықша ырылдаспай, бір-бірімізді қадірлеп, ұрпағымыз аман болып, абыроймен бір жастықта қартаюды, Алла өзіме де, барша оқырмандарыма да жазсын", - деді ол.

Желі қолданушылары Айдарбекованың сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Айтқаныңыз келсін! Алла қаласа өмір алдыда. Заңғарды үйлендіріп, Нүрекең екеуіңіз қол ұстасып қыдырып, демалып жүресіздер! Бәрі өз уақытымен болсын. Аман болыңыздар", "Қандай сұлусыз", "Табиғи сұлулық деп осыны айту керек", "Хас сұлудың өзі", "Өте көрікті болыпсыз. Жолдасыңыздың бағы бар екен", "Қайраттың ұлы өзінен аумайды екен", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954939-xas-suludyn-ozi-gulzira-aidarbekova-zas-kezinde-qandai-bolganyn-korsetti-foto/

pixel