Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңіреген кездерім болған": Дина Төлепберген өз жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген өз жұмысының қиын тұстары жайлы айтты. Ақпарат өкілі әсерлі тікелей эфирлер кезінде көз жасын тыйып, сезімге ерік бермеуге тырысады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген өз жан сырын Instagram парақшасында жеткізді. Журналист тікелей эфирлерде өзін ұстағанымен, кейін бағдарламаны көрермен ретінде қарағанда жылап қалатынын айтты.

"Әдетте мен эмоцияма студияда ерік бермеуге тырысамын. Өйткені эмоция әсіресе көз-жас, обьективті анализ жасауға кедергі. Яғни, жүргізуші оқиға желісінің логикалық тізбегін жоғалта бастайды. Кейіпкеріңнің айтып жатқан сөзі мен іс-әрекетін көз алдыңа елестете алмасаң, бітті, сен ештеңе түсінбейсің. Өзің түсінбесең, қалай істі тергемексің?
Сондықтан болар, жұмыс орнында (студияда) жылаған емеспін. Бір қызықты айтайын, кейінрек, яғни араға біраз уақыт салып, эфирімді қарағанымда тамаққа ыстық жастың тығылып, тіпті еңіреген кездерім болған-ды. Рас, қалайша түсірілім кезінде өзімді ұстадым екен деп қайран қалып қоямын өзіме", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954973-eniregen-kezderim-bolgan-dina-tolepbergen-oz-zan-syryn-aqtardy/

pixel