Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева: Марқұм анамның құлағыма құйып кеткен дана сөздерімен тіршілік етіп келемін

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева туған күніне орай желіде әсерлі жазба жариялап, бүгінде барлық армандары орындалғанын айтты. Өнер иесі осы күнгі жетістіктері үшін көп тер төккенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаева өзінің өмір жолындағы еңбегіне жоғары баға беріп, Instagram парақшасында жазба жариялады. Әнші тағдырына риза екенін айтып, өмірлік қағидасын жария етті.

"Бала Маржаннын барлық армандары орындалған күн! Аллаға сансыз шүкір, бүгінгі күнге жету үшін талай тер төгілді. Енбегім еш кетпеді, тағдырыма ризамын! Ең басты байлықтарым көз алдымда!
Марқұм анамның құлағыма құйып кеткен дана сөздерімен тіршілік етіп келемін (өмірде ұстанатын қағидам)! Қош келдің жаңа жасым! Шығармашылық шабыт берер сіздер барда, Маржанның жүрегі 18 деп ұрып тұр", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955350-marzan-arapbaeva-marqum-anamnyn-qulagyma-quiyp-ketken-dana-sozderimen-tirsilik-etip-kelemin/

pixel