Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майамиде қарсы аламын": Айқын Төлепберген 40 жасқа толды

Опубликовано:

Айқын Төлепберген
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген жаңа жасын тойлауда. 40-қа келген өнер иесі туған күнін биыл АҚШ-та атап өтпек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген туған күніне орай Instagram желісінде жазба жариялаған. Әнші 40 жасқа толғанын айтып, биыл туған күні ерекше өткізетінін жеткізді.

"Қош келдің, 40 жас. Туған күнім құтты болсын. Биыл Майамиде қарсы аламын. Ал бізде әлі тоғызыншы ақпан", - деп жазды ол.

Оған қоса, әнші жағалауда қызымен түскен фотосын желіге жүктеген.

Желі қолданушылары әкесі мен қызына сүйсініп, оларға жылы лебіздерін білдірді. Қалың көпшілік эстрада жұлдызын туған күнімен жарыса құттықтады.

"Қандай керемет сәт", "Туған күнді Америкада қарсы алу арман ғой", "Сіз үшін қуаныштымын. Жаңа белесті АҚШ-та бағындырасыз", "Сіз қырық жасқа ұқсамайсыз", "Айқын аға, жас көрінесіз. Қайдағы 40 жас? Сенбеймін", "Туған күніңіз құтты болсын. Хит әндеріңіз көбейе берсін", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955458-maiamide-qarsy-alamyn-aiqyn-tolepbergen-40-zasqa-toldy/

pixel