Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріміздің бақытты сәттері үшін рахмет": Әнші Диная Ренат Гайсинге сезімін білдірді

Опубликовано:

Ренат Гайсин мен Диная
Фото: Instagram/dinaya_official

Отандық танымал әнші Диная белгілі продюсер Ренат Гайсинге сезімін білдірді. Өнер иесі оған өміріндегі бақытты сәттері үшін алғысын айтып, ағынан жарылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Диная Ренат Гайсин жазып берген әнін оның өзіне арнап шырқады. Ол Instagram парақшасында арнайы видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған.

"Сен маған арнап жазған "Сүйемін" әнін мен сен үшін орындаймын. Шығармашылық үшін рахмет. Өміріміздің жарқын бояулары үшін рахмет. Аман бол. Барлық мақсаттарың орындалсын. Туған күніңмен, маэстро", - деді эстрада жұлдызы.

Ренат Гайсин, өз кезегінде, аталған видеоға пікір ретінде "менің сүйіктім" деген жазба қалдырды.

Желі қолданушылары қос әртіске бақыт тілеп, өздерінің жылы лебізін білдірген.

"Жүрегіңнің жартысы туған күнін тойлап жатыр екен. Бақытты болыңдар. Махаббаттарың баянды болсын", "Мына ән жүректен жүрекке жетті. Шынымен махаббатпен жазылған ән екені көрініп тұр", "Өте жарасымды жұп, бақытты болыңыздар", "Керемет әнші мен мықты сазгер. Бір-бірін тапқан жұп деп сіздерді айту керек. Сіз Ринаттың музасысыз", "Сіздер үшін қуаныштымын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955521-omirimizdin-baqytty-satteri-usin-raxmet-ansi-dinaya-renat-gaisinge-sezimin-bildirdi/

pixel