Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы театрға жаңа директор тағайындалды

Опубликовано:

Айболат Жаудыр
Фото: sputnik.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың директоры қызметіне Айболат Жаудыр тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы бүгін театрға барған мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.

"Бұған дейін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарып келген Ернар Жұматаев қызметінен босатылып, орнына еліміздің бірқатар беделді театрында басшылық қызмет атқарған Айболат Жаудыр тағайындалды", - деп хабарлады Абаев.

Сондай-ақ ол Ернар Жұматаевқа Қаллеки театрын басқарудағы елеулі еңбегі үшін алғыс айтты.

Айта кетері, Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың шымылдығы 1991 жылы 15 қарашада Ғабит Мүсіреповтің "Ақан Сері-Ақтоқты" трагедиясымен ашылды.

2011 жылы 14 желтоқсанда театр ұжымына мемлекеттік академиялық театр мәртебесі берілді. Ернар Жұматаев театр директоры қызметін 2020 жылдан бастап атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955581-nur-sultandagy-teatrga-zana-direktor-tagaiyndaldy/

pixel