Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндайға саналы адам қатыспайды": Гүлназ Жоланова қаржы пирамидасына қатысты дауға пікір білдірді

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram/gulnaz_zholanova

Қазақ актрисасы Гүлназ Жоланова қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген блогерлер дауына қатысты пікір білдірді. Актрисаның айтуынша, әдетте пирамиданың құрығына саналы адамдар ілікпейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жазды. Желідегі сұрақ-жауап кезінде оқырмандарының бірі оған аталған мәселеге қатысты ойын ашық жазуды сұраған.

"Дәл осы тақырыпты бүгін досыммен бірге талқылап едік. Адамдар осындай нәрселерге әлі күнге дейін қалай сенеді? Түсінбеймін.

Тәжірибеге сүйенсек, пирамида - бұл адамдарды алдау. Оның жауапкершілігі оларды құрғандардың емес (себебі олар ол кезде елде болмауы мүмкін), насихаттағандардың мойнында болады.

Адамдардың блогерлерді, әртістерді, олардың отбасын қарғап отырғандарын да көргем. Сондықтан, саналы адам бұған қатыспайды", - деп жазды ол.

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram/zholanova_gulnaz

Еске салсақ, полиция отандық блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевты "Mudarabah Capital" компаниясының құрылтайшысы екенін айтқан. Ал Мейіржан Төребаев артынша бұл дауға қатысты өз ойын білдіріп, өзі де аталған қаржы пирамидасына алданып қалғандардың бірі екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955721-mundaiga-sanaly-adam-qatyspaidy-gulnaz-zolanova-qarzy-piramidasyna-qatysty-dauga-pikir-bildirdi/

pixel