Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуана хабарлаймын": Димаш Құдайберген жуырда Минскте жеке концертін бермек (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жуырда Беларусь астанасы Минскте жеке концертін өткізетінін хабарлады.

"Достар сіздерге 2 сәуірде "Минск Арена" алаңында менің жеке концертім болатынын қуана хабарлаймын. Баршаңызды қуана-қуана шақырамын. Сіздерді қатты жақсы көремін, құрметтеймін, сіздерді сағындым", - дейді ол қысқа видеоүндеуінде.

Айта кетейік, Димаштың ән кешіне танымал ресейлік композитор Игорь Крутой қатысады. Сазгер отандасымыз үшін бірнеше ән жазған болатын.

Димаштың тыңдармандары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдаған. Олар сүйікті әншісімен кездесер күнді асыға күтетінін жазуда.

"Минскке шақырғаның үшін рахмет! Алақай! Біз барамыз!", "Біз міндетті түрде барамыз! Көріскенше", "Сондай қатты күттік", "Асыға күтудеміз", - деп пікір білдірді әншінің тыңдармандары.

Одан бөлек, 2022 жылдың 25 наурызында Димаш Құдайберген Дубай қаласында жеке концертін өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955736-dimas-qudaibergen-zuyrda-minskte-zeke-koncertin-bermek-video/

pixel