Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігі әуежайда өртеніп кеткен еді": Төреғали әкесіне көлік сыйлаған күйеубаласына алғысын жеткізді

Опубликовано:

Төреғалидің әкесі
Төреғалидің әкесі. Кадр: instagram.com/toregalitoreali/

Төреғали Төреәлі әкесіне су жаңа Lexus-570 көлігін тарту еткен қарындасы мен күйеубаласына жүрекжарды жазба арнады. Әншінің айтуынша, "Қаңтар оқиғасы" кезінде әкесінің көлігі өртеніп кетіп, қазірде көліксіз жүрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні жұбайы Толқынмен және нағашы атасымен Ұмрада кіші қажылықта жүрген әнші әкесінің қуанышына өзі де толқып отырғанын жазған.

"Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзірбайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас.

Кеше ғана Қосбатыр атаны алып, (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп Ұмраға жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр. "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын! Рахмет айналайындар!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, күні кеше Төреғалидің спортшы күйеубаласы мен қызы ата-анасы су жаңа көлік сыйлап, оларға тосынсый жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955976-koligi-auezaida-ortenip-ketken-edi-toregali-akesine-kolik-syilagan-kuieubalasyna-algysyn-zetkizdi/

pixel