Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылай бердім": Мақпал Исабекова жүктілігі туралы тың деректерді бөлісті

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram/makosyai

Жуырда аяғы ауыр екенін елге мәлім еткен отандық әнші Мақпал Исабекова оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, өзінің жүктілігі туралы тың деректерді бөлісті. Әнші қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Исабекованың айтуынша, оның жүктілігі бүгінгі таңда бірқалыпты өтуде. Денсаулығы жақсы. Десе де, жүкті келіншектерге тән ерекшеліктер оның басынан да өтіп жатқан көрінеді. Исабекова желідегі оқырмандарына берген жауабында осылай мәлімдеген.

Бұдан бөлек, ол гендер-пати ұйымдастыру туралы ойын бөлісті. Айтуынша, жолдасы екеуі болашақ перзентінің жынысын әу-бастан біліп алған. Сондықтан, мұндай шараларды олар құптамайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, әнші алғаш рет жүкті екенін білгенде қатты қуанғаннан жылай бергенін де мойындады.

"Жылап, Жаратқанға алғысымды айта бердім. Жылай бердім. Қайта-қайта тестке қарап (ред. - жүктілікті анықтайтын), онда тағы бірдеңе жазылғандай-ақ, үңіле бердім", - деп өз әсерін жеткізді әнші.
Макпал Исабекова
Макпал Исабекова: instagram/makosyai

Мақпалдың айтуынша, жолдасы да бұл жайтқа қатты қуанып, бірден алдағы жоспарларын қайта қарапты. Әнші бұл сәтті былай сипаттап берді:

"Тестті жастықтың астына жасырып, жұмыстан келген кезде: "Анда бірдеңе жатыр, қара", - дедім. Оның қандай сезімде болғанын түсірмедім. Бірақ ол көзіне жас алып, жылады деп айта алмаймын. Ол бұның бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдады.
Бірден жоспар құрып, маған дұрыс тамақтанудың да жоспарын жасай бастады. Осындай кісі. Әрине, қатты қуанды", - деп жазды ол.
Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова: instagram/makosyai

Еске салсақ, бұдан бірер күн бұрын Мақпал Исабекова көпшілікке қуанышты жаңалығын бөліскен еді. Ол жақында сәбилі болатынын өзінің instagram парақшасында жария еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956516-zylai-berdim-maqpal-isabekova-zuktiligi-turaly-tyn-derekterdi-bolisti/

pixel