Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен": Жорабаева жолдасына деген тілегін жеткізді

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева жолдасымен.
Алтынай Жорабаева жолдасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva/

Отандық әнші Алтынай Жорабаева өзінің жолдасымен болған әңгімені жария етіп, оның өте балажан екенін атап өтті. Өнер иесі өмірлік серігіне перзент сыйлағысы келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алтынай Жорабаева өзінің жарына арнаған жылы сөздерін желідегі парақшасында жиі арнайды. Бұл жолы да ол оған деген ақ тілегін астарлап жеткізді.

"Атасы Мединаны қатты сағыныпты (ред. - Алтынай Жорабаеваның інісі Талғаттың қызы).

"Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен", - дедім.

"Алла берсе де, бермесе де ризамын. Алла бізден жақсы біледі, ненің қайырлы екенін. Төрт ханшайымым бар. Соларға қамқор болып, дұрыс әке болсам, одан асқан бақыт жоқ менде. Тапқан емес , баққан - әке.
Мен сеземін, қыздар мені қатты жақсы көреді, сыйлайды . Мен ешқайсына "мені папа деңдер" деп айтпадым. Керісінше, қыздар "папа", "Сіз әлемдегі ең керемет әкесіз", "әке мейірімін сізден көрдік", - дейді . Бұдан басқа не керек", - дейді Әлішер", - деп жазды Алтынай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1956536-alla-osy-balazandygyna-perzent-berse-eken-altynai-zorabaeva-zoldasyna-degen-aq-tilegin-zetkizdi/

pixel