Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың сүйіктісі": Динара Сәтжан ерекше марапатқа ие болды

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан "Халықтың сүйіктісі – 2021" марапатына ие болды. Ақпарат өкілі "Үздік тележүргізуші" аталымы бойынша үздік деп танылған, KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығымен тележүргізушінің өзі Instagram парақшасында бөліскен. Алайда, Динара Сәтжан марапаттау шарасына қатыса алмай, оның орнына марапатты анасы барып алғаны белгілі болды.

"Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам "Үздік тележүргізуші" аталымы бойынша "Халықтың сүйіктісі – 2021" сыйлығын алды.  Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын", – деді Сәтжан. 

Желі қолданушылары ақпарат өкілін құттықтап, ол үшін аса қуанышты екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957046-xalyqtyn-suiiktisi-dinara-satzan-erekse-marapatqa-ie-boldy/

pixel