Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанымның егізін тапқанда айтармын": Ақбота Сейітмағамбет махаббат туралы ой қозғады

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты сөз қозғады. Өнер иесінің айтуынша, ол жүрегінің жартысын әлі таппаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әнші ару өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке өміріне қатысты сырын ашты.

Желі қолданушыларының бірі оның жеке өмірі туралы сұрады. "Жеке өміріңізде жігіт пайда болды ма?", - деп сұрады одан. Актриса бұл болжамды бірден жоққа шығарды. Ол өмірінде арқасүйер азамат жолықтырса, жанкүйерлеріне міндетті түрде айтатынын жеткізді.

"Жанымның егізін тапқанда айтармын. Алла сол күнге жеткізсін", - деп жазды ол.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Оған қоса, Ақбота Сейітмағамбет айналасында жүрген іші тар адамдарға қатысты да пікір білдірді.

"Өтірік күліп, жанымда жүріп, жүрекке кіріп, сырымды біліп, ішінен тіліп кететіндерден сақта! Екі беткей, құбылмалы жағымпаздардан алыс ұстасыншы Аллам. Ниеттері өздеріне жолдас болсын", - деп жазды ол.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957066-zanymnyn-egizin-tapqanda-aitarmyn-aqbota-seiitmagambet-maxabbat-turaly-aitty/

pixel