Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева отбасымен бірге Түркияда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелге демалысқа аттанды. Эстрада жұлдызы отбасымен бірге Түркияда жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаеваның өзге елде жүргені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Өнер иесі өз парақшасында демалысы кезіндегі суреттер мен видеоларды бөлісуде. Онда әнші саяхатқа қызымен бірге шыққанын көруге болады.

Арапбаева Алания мен Стамбул қалаларын аралап шыққан. Ол Түркия қалаларының әдемілігіне тамсанып, жергілікті халықтың менталитетіне де тәнті болғанын жазды.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызына жақсы демалып, елге аман-есен оралуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957073-marzan-arapbaeva-otbasymen-birge-turkiyada-demaluda-foto-video/

pixel