Мұрнына ота жасатқан Жарқынай Ханайым жас жігітпен көзге түсті (видео)
Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде жас жігітпен түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысына қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аталмыш бейнежазбаны Жарқынай Ханайым өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Онда өнер иесі асаба жігітпен қолтықтасып келе жатқанын көруге болады.
Әртіс ер азаматпен бірге мерекелік кешті жүргізген болып шықты.
Қалың көпшілік қос жүргізушіге тәнті болып, олардан жақсы жұп шығатынын болжай бастады.
"Әдемі жұп", "Жарасып тұрсыздар", "Сіздерден керемет өнерлі жұп шығар еді", "Жарқынай жанып тұрсыз. Өте сұлусыз", "Қасындағы жігіт кім?", "Ханшайым мен ханзада секілді", - деп жазуда халық.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым бұған дейін мұрнына пластикалық ота жасатқанын хабарлаған болатын. Өнер иесі операциядан кейін өмірін енді қалпына келтіріп, жұмысына қызу кіріскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957209-murnyna-ota-zasatqan-zarqynai-xanaiym-zas-zigitpen-kozge-tusti-video/