Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Рамазан Амантай жақында әке атанбақ (фото)

Опубликовано:

Рамазан Амантай жарымен
Фото: Instagram/ramantay

Қазақстандық танымал актер Рамазан Амантай жақында алғаш рет әке атанбақ. Өнер иесі келіншегінің аяғы ауыр екенін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығымен актер Instagram желісінде бөлісті. Ол өз парақшасында әйелімен түскен ерекше фотосессиясын жариялаған.

"Осылай фотоға түсу үшін ғана семірдім, енді арықтаймын", - деп қалжыңдап жазды актер.

Ерлі-зайыпты үшін қуанған көпшілік олардың жарыса құттықтап, ақ тілектерін жолдады.

"Қандай керемет жаңалық", "Бақытты болыңыздар", "Балаларыңыз көп болсын", "Келіншегіңіз сұлу екен", "Өте жарасымды жұп", "Гендер-пати қашан болады?", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957211-akter-ramazan-amantai-zaqynda-ake-atanbaq-foto/

pixel