Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Мойнымда аманатым болғандықтан әлсіз болуға қақым жоқ

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде жан сырын ақтарды. Жалғызбасты ана бүгінде балаларын жалғыз қалай тәрбиелеп отырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбеттің айтуынша, қиындыққа берілмей, балалары үшін алға қарай ұмтылуды жөн санайды.

"Әр нәрсенің қайыры бар, Алла өзі реттеп, жеңілдігін беріп қояды екен. Әрине оңай емес, бірақ мойнымдағы аманатым болғандықтан, әлсіз болуға хақым жоқ! Мен қырықжанды анамын", - деп бөлісті Ақбота. 

Сондай-ақ, әнші шабытты қайдан алатынын түсіндірді. 

"Бірқалыпты жүру мүмкін емес, бірсарынды өмір қайда? Әртүрлі күйді бастан кешіруге тура келеді.
Бірде қуанып, шабытпен ұшып жүресің де, бірде сүрініп құлап, еңіреп жылап отырасың. Ең мықты адам ғана жығылған жерінен тұрып, тізесін қағып, бұл мен үшін соңы емес, менің жеңісім алда деп нық сеніммен алға жүретін адам.
Үп еткеннің бәріне құлай беру маған тән нәрсе емес! Өзімді әрқашан рухты, берік, төзімді жандардың қатарынан көремін", - деді Сейтмағамбет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957234-aqbota-seiitmagambet-moinymda-amanatym-bolgandyqtan-alsiz-boluga-qaqym-zoq/

pixel