Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда жартылай жалаңаш күйде билеген Тәуекел Мүсілім ел назарын аударды (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім достарымен
Фото: Instagram/mussilim

Достарымен бірге Дубайда демалып жүрген Тәуекел Мүсілім желіде ел назарына түсті. Оның достарымен бірге қайықта түскен суреті қызу талқыланып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім Біріккен Араб Әмірліктерінде түскен бейнежазбаны Instagram парақшасында бөліскен. Ол достарымен бірге бидің түбін түсіріп жатқан сәтін жұртшылықтың назарына ұсынған.

Видеода бірқатар отандық жұлдыздардың жартылай жалаңаш күйде қайықта биге басқанын көруге болады. Олардың арасында Бауыржан Сатов, Олжас Әлжанов, Ерік Хамидуллаев, Ерлан Бұхарбаев және тағы басқалар бар.

Айта кетерлігі, қазақстандық әртістер Дубайда Ерлан Бұхарбаевтың туған күнін атап өткен. Желідегілер жігіттердің биін қызу талқылап, оларға қатысты пікірін жаудырды.

"Не деген би", "Бәрі тартымды", "Жігіттердің үйленген-үйленбегенін мүсіндерінен білуге болады", "Арыстандар", "Тәуекел жақсы билейді екен", "Бас киімдегі жігіт бачатаға барғанға ұқсайды", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957242-dubaida-zartylai-zalanas-kuide-bige-basqan-tauekel-musilim-el-nazaryn-ozine-audardy-video/

pixel