Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасын Меккеден күтіп алған Ердос Қанаевқа ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Ердос Қанаев ата-анасымен
Видеодан кадр: Instagram/erdoskanaev

Отандық танымал әнші Ердос Қанаев желіде аса әсерлі видеомен бөлісіп, ел жүрегін елжіретті. Өнер иесі ата-анасын Меккеден күтіп алып, олармен сағына қауышқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев ерекше отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөлісті. Онда әртіс қызымен бірге ата-анасын Ұмрадан күтіп алғанын көруге болады.

Әнші олардың елге аман-есен оралғанына қуанып, екеуін құшағына алды.

"Аллаға сансыз мадақтар мен мақтаулар болсын. Ата-анам Алланың рақымымен Ұмрадан елге оралды. Алла күллі дұға-тілектері мен құлшылықтарын қабыл етсін.
Ата-анамды қарсы алуға Шымкентке қызымыз екеуміз келіп, әжуә құрмасын жеп, зәм-зәм суын ішіп, қажы анам мен қажы әкемнің дұғасын алдық. Алла сіздерге және сіздердің ата-аналарыңызға да қажылыққа баруды нәсіп етсін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957255-ata-anasyn-mekkeden-kutip-algan-erdos-qanaevqa-el-suisindi-video/

pixel