Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар қымбат сахналық киімін кішкентай жанкүйеріне тарту етті (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар жанкүйерімен
Видеодан кадр: Instagram/ernaraidar_kz

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдар өзінің кішкентай жанкүйеріне қымбат сахналық киімін сыйға тартты. Өнер иесі концерті кезінде берген уәдесінде тұрып, бүлдіршіннің үйіне арнайы барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар кезекті концерті кезінде кішкентай тыңдарманын сахнаға алып шығып, елдің көзінше оған өз киімін сыйлауға уәде берген болатын.

Мерекелік шарадан соң, әнші оны іздеп тауып, балақайдың шаңырағында қонақ болып қайтқан. Ол бүлдіршінге арнайы барып, өзі уәде еткен сахналық образды тарту еткен.

Эстрада жұлдызы ерекше сәттің видеосын Instagram парақшасында бөліскен.

"Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу" - демекші, Айқын ініме уәде берген сахналық бір киімімді сыйға тарттым", - деп жазды ол видео астына.

Айқынның отбасы әртістің қарапайым болмысына тәнті болған. Олар Ернар Айдарға дастархан жайып, оны құрметті қонақ ретінде күтіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957260-ernar-aidar-qymbat-saxnalyq-kiimin-kiskentai-zankuierine-tartu-etti-video/

pixel