Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәби күтіп жүргендер бөпелі болсын": Сәдуақасова тыңдармандарына ерекше тілек жолдады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде оқырмандарына әдемі датаға орай ерекше тілек жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөлісті. Онда ол барша жанкүйерлеріне бақыт тілеп, алдағы уақытта той көп болғанын қалайтынын айтты.

"22.02.2022! Нумерологтар осы күні қандай сөздер айтып, қандай іс-әрекет жасасаң алдағы жыл, тіпті, өмірің сондай болады дейді. Шын жүректен, әр оқырманыма өмірлеріңізде тек жақсылық пен қуаныш болсын, жаныңызға тыныштық, береке тілеймін, өзіңіздің, жақындарыңыздың дені сау болсын, ауырып жүргендер сауығып кетсін, сәби күтіп жүргендер бөпелі болсын, жұмыстарыңыз алға жүре берсін, табысты болыңыз, жаңа үй, машина алыңыз.
Жігіттер қыздарына ұсыныс жасасын, той көп болсын. Армандарымыз орындала берсін", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957427-sabi-kutip-zurgender-bopeli-bolsyn-saduaqasova-tyndarmandaryna-erekse-tilek-zoldady/

pixel