Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан кішкентай кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжанның балалық шағы
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан балалық шағын есіне алып, кішкентай кезінде қандай болғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан отбасылық мұрағаттағы фотосын Instagram парақшасында жария етті. Екінші сыныптағы суретін бөліскен тележүргізушінің айтуынша, бұл оның күліп тұрған жалғыз фотосы.

Динара Сәтжан балалық шағын есіне алып, әлеуметтік желіде өз сыныптастарын іздестіріп жатқанын айтты.

"Адамдар өздерін бес жасында қандай болғандарын қалай естерінде сақтайды? Үш-төрт жасында не болғанын білетіндер менде түрлі күдік тудырады. Шынымды айтсам, оларға сенбеймін. Мен бұл жаста өзімді әрең еске түсіремін. Бұл екінші сынып. Мен бұл жерде Дианамен жастымын. Бұл менің күліп отырған жалғыз фотом болса керек.
Бұған дейін күліп түскен бір суретім болмаған. Маған маймыл солай әсер еткен болар. Неге екені белгісіз, бірақ бастауыш мектепте мен өте тұйық әрі салмақты адам болғанмын. Маған кеңес үкіметі әсер етсе керек. Себебі, мектепке бейімделуім ұзаққа созылып кетті.
Қысқасы, өзімнің жезқазғандық сыныптастарымды іздеймін. №4 мектептегі 1-5 сынып аралығында бірге оқыған достарымды іздеймін. Алдымен, ұстазым Дина Искаковнаны іздеп тапқым келеді. Instagram-ның күшіне сенемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957439-dinara-satzan-kiskentai-kezindegi-suretin-korsetti-foto/

pixel