Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Прага қаласында жеке концертін бермек

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Ғажайып даусымен күллі әлемді таңғалдырған Димаш Құдайберген Еуропада концерт береді. Өнер иесінің кезекті ән кеші Чехия астанасы Прага қаласында өтпек, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген бұл хабарды Instagram желісінде өзі жария етіп, барша тыңдармандарын қуантты. Әнші қалың көпшілікті 16 сәуірге жоспарланған концерттік бағдарласына келуге шақырды.

"Концерт Чехияның ең әдемі әрі ең үлкен ареналарының бірі - "Типспорт Аренада" болады. Көптен күткен алдағы кездесуімізді тағатсыздана күтемін. Махаббатпен, Димаш", - деп жазды ол.

Бұл жаңалықты естіген жанкүйерлердің қуаншында шек болмады.

"Димаш бұл аса қуанышты жаңалық", "Сенің концертіңе қалай болғанда да баруға тырысамын", "Минскідегі концертіңді күтіп жүрмін", "Сенімен кездесіп, ғажайып даусыңды естуді аңсап жүрміз", "Концерт сәтті өтсін", "Сені күтеміз", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957633-dimas-qudaibergen-praga-qalasynda-zeke-koncertin-bermek/

pixel