Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұстазбен ұлы сапарға": Ердос Қанаев туған күніне қандай ерекше сыйлық алды

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Фото: Instagram/erdoskanaev

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өз туған күнінде ерекше сыйға ие болды. Өнер иесінің жақын достары оған кіші қажылыққа жолдама тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол тіпті өзіне сыйлықты тарту еткен сәтімен де бөліскен.

Бейнежазбадан Ердос Қанаевтың бұл сый жайында білмегенін аңғаруға болады. Әншінің достары оған нағыз тосын сый жасаған.

"Ең керемет сый. Ұстазбен Ұлы сапарға. Әлхамдулиллә. Қажылық компания, Қабылбек ұстаздың төл компаниясы туған күніме Рамазан айына 20 күнге кіші қажылық сыйлады. Алла қаласа Қабылбек ұстаздың 20 күн тәрбиесін алу бақыты бұйырғалы тұр. Алла жеткізсін сол күнге. Сіздерге де осындай ризық нәсіп болсын", - деп жазды қуанышына қойнына сыймаған әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1957647-ustazben-uly-saparga-erdos-qanaev-tugan-kunine-qandai-erekse-syilyq-aldy/

pixel